412
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
10 облыста ауру көрсеткіші төмендесе, 7 өңірде тұрақты күйін сақтап тұр. Ақтөбе, Атырау және Қарағанды облыстарында жағдай қолайсыз, – деді министр.
Айта кетейік, 2023 жылдың басынан бастап Қазақстанда қызылшаның эпидемиологиялық көрінісі ушығып, науқастардың саны 20 мыңнан асқан. Оның ішінде, 14 жасқа дейінгі балалар — 16 351 жағдай, бұл науқастардың жалпы санының 81%-ы. Жасөспірімдер мен ересектер арасында ауру жұқтырғандар болды, сәйкесінше 3,4% және 15,4%.
Сонымен қатар, еліміздің барлық өңірінде қызылша жұқтырғандар тіркелді. Бұл ретте Шымкент және Алматыда жоғары деңгей байқалған болатын.