Елімізде наурыз мерекесі 10 күн бойы тойланады

176

14 наурыз күні Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталады.

Биыл мәні терең Наурыз мерекесі ерекше аталып өтеді.

2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – Наурызнама онкүндігі, сондай-ақ мерекенің жаңа логотипі бекітілді.

«Наурыз» бірыңғай логотипіндегі үш қызғалдақ – уақыттың үш кезеңін, яғни еліміздің кешегі тарихын, қазіргі дамуын және келешек бағдарын бейнелейді.

Тарихи тұрғыдан, Наурызнама – мыңжылдықтардан бастау алатын халқымыздың мәдени мұрасы.

Қазақ мәдениетінде Наурызды тойлау дәстүрі ешқашан бір күнмен шектелмеген. Егер Наурыз Орталық Азияда, Таяу Шығыста, Кавказда, Балқан елдерінде халықаралық деңгейде аталып өтетін мейрам болса, онда Наурызнама – кемінде 8 күнге созылатын Ұлы даланың халықтық мерекесі.

Бұл туралы кезінде Абай Құнанбайұлы, белгілі этнограф-ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жазған.

Осылайша, Наурызнама – жасанды жаңашылдық емес, керісінше, көпкүндік мерекелеу арқылы оның қыр-сырын ашып, дәстүрлі сипатын дамытуға бағытталған.

2024 жылы онкүндік аясында елімізде 800-ден астам іс-шара, соның ішінде көрмелер, фестивальдар, әдеби-музыкалық кештер, қайырымдылық акциялары, мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Береке мен бірліктің мерекесі Наурыз – өткен мен бүгіннің, Қазақстанның түрлі мәдениеттері мен дәстүрлерінің арасындағы көпір. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтауында оның маңызын ерекше атап өтті.

«Бабаларымыз ежелгі заманнан бері Ұлыс күнін жыл басы ретінде атап өткен. Қазір Әз Наурыз күллі халыққа ортақ жалпыұлттық мерекеге айналды. Оны ұлтына, дініне қарамастан барша жұртымыз ерекше күтеді, бірге атап өтеді», – деді Президент.

Наурызнаманың әрбір күні қоғам өмірінің жекелеген аспектіне арналған. Бұл мерекенің мағынасы мен мәнін тереңдетуге мүмкіндік береді.

Жаңару жеке қарым-қатынастардан бастап қоғамдық құндылықтарға дейінгі барлық салаларды қамтуы тиіс.

❇️«Көрісу – Амал мерекесі» (аман-саулық сұрасып, ағайынмен кездесулер және игі тілектер күні),

❇️«Қайырымдылық» (қайырымды істер күні),

❇️«Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» (ұлттық салт-дәстүр мен мәдениет күні),

❇️«Шаңырақ» (отбасы күні),

❇️«Ұлттық киім» күні,

❇️«Жаңару» күні,

❇️«Ұлттық спорт» күні,

❇️«Ынтымақ» (бірлік пен ынтымақ күні),

❇️«Жыл басы» және «Тазару» күні сияқты тақырыптық күндер қазақстандық мәдениет пен құндылықтардың маңызын айшықтайды.

Алдыңғы пост
300 млн теңге қаржыны қалтасына басқан бухгалтерлер ұсталды
Келесі пост
Президент аруларды көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu