312
Премьер-министр Әлихан Смайылов заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Соңғы 2 жылда елге жалпы сомасы 1 трлн теңгеге жуық активтер қайтарылды.
Бүгінде ауқымды жұмыс аясында 344 жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектісі, оның ішінде шетелде 131 объект анықталды. Жалпы құны 448 млрд теңге болатын құнды қағаздар бойынша мәлімет алынды. Сомасы 220 трлн теңге болатын банк операциялары, оның ішінде 1,4 трлн теңгені қамтитын күмәнді операциялар тексеріліп жатыр.
Біздің ортақ міндетіміз – заңсыз иемделген активтерді қайтаруды қамтамасыз ету және оларды қоғам мен мемлекет игілігі үшін пайдалану», – деді Әлихан Смайылов