Петропавлда құбыр жарылып, тұрғындар жылусыз қалды

95

Петропавл қаласында бір күнде жылу құбырында екі бірдей апат болды. Соның салдарын жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Қазір 40-тан астам әлеуметтік маңызы бар нысан мен бірнеше көпқабатты үй жылусыз отыр. Олардың қатарында мектеп пен балабақша да бар. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Қыстың ортасында істен шыққан құбырлар әбден тозығы жетіп, шіріп кеткен. Ал мамандар бұл мәселе ертеңге дейін толық шешіледі деп сендірді.

Жарылған екі құбыр да 40 жылдан артық тұрған. Оның 70-80 пайызы тозып кеткен. Сәйкесінше, бірінен соң бірі істен шығып жатыр. Біз ескірген құбырлардың жыртығын шама келгенше жамап жатырмыз. Жалпы, Петропавлдағы жылу құбырларының 74 пайызы тозған, – деді «Петропавл жылу желілері» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Виталий Холоша.

Алдыңғы пост
Күмәнді банк операциялары тексерілуде
Келесі пост
Украинаның атақты футболшысы Андрей Шевченко жаңа қызметке тағайындалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu