188
Бельгияда билік түрмелердің толып кетуіне байланысты қылмыскерлерді үй қамағына жіберіп жатыр.
Тұтқындардың саны елдегі қылмыстық-атқару мекемелеріндегі орыннан асып отыр. Мәселен 10 700 орынға 12 300 тұтқыннан келген. Бұл жағдай онша ауыр емес құқық бұзушылықтар үшін қатаң түрме жазасын қарастыратын жаңа саясатқа байланысты өршіген дейді сарапшылар.
Десе де, терроризм немесе жыныстық қылмыс жасағандар мен 10 жылдан астам мерзімге сотталған тұтқындар жазаны үйде өтей алмайды.