«Қазақстан нейрохирургиясы көршілерден әлдеқайда дамып кеткен»

Теги: ,
2,584

«Ең алдымен, өңірге медицина мамандарын тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеу керек. Жергілікті кадрлардың біліктілігін арттыру маңызды. Сондай-ақ, облыстық перзентхананы күрделі жөндеуден өткізіп, жабдықтаған жөн», деді Президент.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы, адам өмірінің басты орында екенін айтып, денсаулық сақтау саласын нығайтуды тапсырды.
«Еліміздің басты құндылығы – Адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты.Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді», деді Қ.Тоқаев
Қазіргі таңда Президенттің тапсырмасына сәйкес, медицина саласы дамып келеді. Мәселен, нейрохирургия – қарқынды түрде дамып жатқан жаңа саланың түрі. Ең алғаш елімізде 2008 жылы шет елге танымал дәрігер, академик Серік Ақшолақовтың басқаруымен Астана қаласында Ұлттық нейрохирургия орталығы ашылған болатын. Көреген басшы айналасына талантты, епті жас мамандарды жинап, білімін жетілдіру мақсатында шет елдерге жіберді. Солардың ішінде қазіргі медицина ғылымдарының докторы, Шымкенттің бас нейрохирургі МЕДЕТОВ ЕРКІН ЖҰМАҒҰЛҰЛЫ болды.

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада 15 нейрохирург жұмыс істейді. Мұнда омыртқа грыжасы, жұлынның қатерлі ісігі, омыртқаның сынуы секілді омыртқа патологиясы және тағы басқа аурулармен емделушілер көп түседі. Бұрындары бұндай науқастарды Алматы, Астана қалаларына жіберетін, кейбірі өз жолымен Ташкент дәрігерлеріне жүгінетін. Қазір Еркін Медетов жетекшілік ететін аурухананың нейрохирургиялық қызметі мен Ұлттық нейрохирургия орталығының көмегі арқасында аталмыш аурулар қаламызда емделеді.

“Біздің саланы Европа елдерінен озық деп айта аламын. Оларда бас сүйегін ашып, ашық оталар жасалынады. Біздің европалық әріптестерден айырмашылығымыз аралас нейрохирургияны қолданамыз, яғни, эндоваскулярлы ем де, ашық нейрохирургия да қолжетімді. Бірінші кезекте айналма жолдарын тауып, тамырларға анастомоздар саламыз. Сосын эндоваскулярлы әдіспен отаны аяқтаймыз. Бұл әдіс асқынудың алдын алады. Әлем бойынша мұндай отадан кейінгі асқыну 8 пайыз болса, Шымкентте 2 пайызды құрайды”, – дейді Еркін Медетов.

Алдыңғы пост
Қала әкімі 40 жылдық тарихы бар қуыршақ театрының ғимарат мәселесін шешуді тапсырды
Келесі пост
Шымкентте гүл сататын дүкенде жанжал шығарған тұрғын қазақ елінен кешірім сұрады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu