Қазақстандық қоғам белсендісі осылай деп дабыл қақты. Айтуынша, қоймаға жиналған көкөніс жеуге жарамсыз.
Желіде қоғам белсендісі Санжар Боқаев, Шенгелді ауылындағы егіс өнімдерін көрсетіп, видео жариялаған. Ол, пияз, соя, жүгерілердің қалай тонналап шіріп, қоқысқа кетіп жатқанын көрсеткен. Одан бөлек, шаруашылық техникаларының жетіспеушілігін айтып, еліміздің Ауыл шаруашылық министрлігіне үндеу жолдады. Сондай-ақ, бұл ауылдағы егіс шаруаларының жағдайы хал үстінде тұрғанын мәлімдеген.
Енді қараңыздар, мына жерде 500 тонна пияз. Пияздары керемет. 15-20 теңгеден береді. Егер бұлар сатылмаса, босқа қоқысқа тасталады. Бір ғана ауылда 500 тонна пияз шіріп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі қайдасыздар, әдемі есептеріңіз қайда? Қайда қарап отырсыздар? Бұл деген үлкен мәселесі емес пе? Шынымен шіріп жатыр. Сіздер дүкендердегі пияздың бағасын білесіздер ме?” – деді Санжар Боқаев.
Ауыл тұрғындары әбден ашынғаны көрініп тұр. Жылдық еңбегіміз зая кетті деп отыр. Тіпті шіріген көкеністерді малда жемейді жеп отыр.
“Ауылымызда бірде бір комбайн жоқ. Сол себептен менің егіп өсірген соям шабылмай қалды. Біразын кішкене шауып едік. Оның көбісі шіріп кетті, қоқысқа тастадым. Ештеңеге жарамай қалды. Ауылымызда техника жоқ. Утиль алымының ауыл шаруашылығына қажеті не? Соны түсінбеймін. Техника аламыз деп комбайн трактор үшін барғанымызда олар бізден кепілдікке мүлік қоюымызды сұрады. Ал олар біздің ауылдағы үйімізді, егінімізді, жерімізді кепілге алмайды. Ол үшін тек Алматыда үйің болуы керек. Шаруаларда қайдағы Алматыдағы үй. Енді биыл шаруалар не егеді? Су мәселесі анау, білмеймін үкімет ауыл шаруашылығын құртып жатыр”, – деді ауыл тұрғыны.