481
Қазіргі таңда елтаңбаны өзгерту мәселесі талқыланып жатыр. Бірақ, Қаржы министрі Мәди Такиев оны өзгертуге асықпаймыз деп отыр. Оған қажетті қаражатта әлі талқылауда дейді.
“Сіз Елтаңбаны өзгерту мәселесі талқыланып жатқанын жақсы білесіз. Президент Ұлттық құрылтайда бұл мәселені талқылауды ұсынды. Ол “Қоғам аталған мәселеге қолдау білдірсе, оны одан әрі талқылау қажет” деп айтты. Ол үшін арнайы комиссия құрылады. Онда осы мәселе нақты қарастырылады. Мәселе оң шешімін тапса, қалған шығындар анықталады”, – деді Мәди Такиев Үкіметтің баспасөз орталығында.
Ал, сіз елтаңбаның өзгеруіне көзқарасыңыз қандай? Әлде осы үлгісі сіздің көңіліңізден шығады ма?