200
Қаржы министрі Мәди Такиевтің сөзіне сенсек, жалпыға бірдей декларацияны 13 млн азамат тапсырады.
“Біз жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңін өткізуге дайынбыз. Жалпыға бірдей декларацияланы шамамен 13 миллион адам тапсырады. Біз декларацияны өткізуге дайынбыз. Сондай-ақ аудандарда Мемлекеттік кірістер басқармасының 222 консультациялық орталығы жұмыс істейді және 1414 нөмірі бойынша консультация алуға болады. Екінші деңгейдегі банктермен жұмыс жүргізілді. Қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін декларацияны қабылдау бойынша сервис іске қосылды. Сондай-ақ, интернет жоқ жерде декларацияны қабылдай үшін “Қазпошта” АҚ-мен жұмысты пысықтаймыз”, – деді қаржы министрі.