Мұндай ота алғаш рет Қытайда жасалынып отыр. Яғни, қытай ғалымдары бауыр жеткіліксіздігімен ауырған науқасқа шошқа бауырын салған.
Айта кетейік, шошқа бауыры адамның бауырын толығымен алмастыра алмайды. Сондықтан, қытай әскери-әуе күштері медициналық университетінің зерттеушілері адамның өз бауырын шошқа органымен біріктіріп, көмекші трансплантациялаған. Науқастың медициналық зерттеулерге тегін қатысуына оның отбасы келіскен.
Қытайда бауыр ауруымен 400 миллионға жуық адам ауырады. Қытайлық дәрігерлердің зерттеулері донорлық органдардың жетіспеушілігін жеңілдетіп, ауруды жеңудің жалғыз жолы трансплантация болып табылатын науқастарға көмектесе алады. Ресми деректер бойынша, 2022-2023 жылдары шошқа жүрегін ауыстырып салу тәжірибесі айтылды, бірақ екі науқас екі айдан кейін көз жұмған екен.