Су астында қалған үйлердің орнына салынатын баспананың бағасы 22 млн теңге

328

Су тасқынынан зардап шеккен үйлердің орнына салынатын бір жаңа үйдің құны 22 млн теңге болуы мүмкін. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді.

Оның сөзіне сенсек, алдымен тиісті ақпараттар жинақталу керек. Соған қарай жергілікті, республикалық бюджеттен ақша бөлінеді деді.

«Қазір бүкіл әкімдік тиісті ақпаратты жинайды. Осыдан кейін біз сол жиналған ақпаратты қарастырамыз. Алдымен қаражат жергілікті бюджет есебінен бөлінеді, одан кейін республикалық бюджет қаражатын қарастырамыз. (Су тасқынынан қираған) үйлерге тоқталайын. Бір үйдің бағасы 22 млн теңге болады… Оның бір шаршы метрі – 280 мың теңге. Алайда бүгінде (су тасқынынан қираған) нақты үйлердің саны белгісіз. Жергілікті атқарушы билік бүкіл ақпаратты жинасын. Одан кейін тиісті қаражат бөлінеді. Қазір бір үйдің бағасы 22 млн теңге болуы мүмкін», – деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін ТЖМ су тасқынынан 5 өңірде 1 405 жеке үй, 99 саяжай және 10 ғимарат су астында қалғанын хабарлаған болатын.

Алдыңғы пост
Еліміздің басым бөлігінде су тасу қаупі сақталады
Келесі пост
Бишімбаев: Нүкенова унитазға бетпен құлады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu