​Саурандық тұрғын көршісінің үйіне ұрлыққа түскен

Теги:
197

Түркістан облысы Сауран ауданында тұратын ер кісі көршісінің үйіне ұрлыққа түскен. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның үйіне белгісіз біреу терезе арқылы кіріп, 2 дана ноутбук пен алтын бұйымдарын жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі – 1 миллион теңге. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде жәбірленушінің ауылдасы ұсталды. Анықталғандай, ер адам түнгі уақытта жәбірленушінің үйінде ешкім жоқтығын байқап, арам ойын іске асырған. Яғни, қоршаудан секіріп өтіп, пластик терезені күшпен ашу арқылы үйге ұрлыққа түскен.

«Қолды еткен алтындарды облыс орталығындағы ломбардтардың біріне өткізсе, ноутбуктың біреуін сатып үлгерген. Ал ақшасын жаратып жіберген. Күдіктіден айғақты зат ретінде ұрланған ноутбуктың біреуі тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда ұсталған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Жетісу өңірінің тұрғындары мемлекеттік органдардың тұтынушылар құқығын қорғау жұмыстарынан бейхабармыз деп шағымданды
Келесі пост
Шымкенттегі цифрлық халық кеңсесі шығыс әдістемесі бойынша жұмыс істейтін болады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu