391
Қазақстанда мамыр айында әскери шерулер өткізілмейтін болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне хабарлады.
Ведомство мәліметінше, мұндай шешімнің себебі бюджет қаражатын үнемдеуге деген ұмтылыс. Өйткені, бұған дейін Қорғаныс Министрлігінің мәліметі бойынша әскери шеруге орташа есеппен 4 миллиард теңге жұмсалған.
“Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының талап етілетін деңгейін қолдау басым болып табылады”, – делінген хабарламада.