Шымкент аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталық ашатын алғашқы қала болмақ

Теги:
Шымкент станет первым городом, где откроют Центр для детей с аутизмом и другими ментальными нарушениями
960

Шымкент “Қазақстан халқына” қорының қаражаты есебінен аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталық жабдықталатын 8 өңірдің ішінде бірінші болады. Қазір жөндеу жұмыстары аяқталып, жиһаз орналастырылды. Балалармен жұмыс істеу үшін АВА-терапия бойынша бірінші курстан өткен мамандар таңдалды.

Орталық аутизм спектрі бұзылған 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған. Жыл сайын 125 бала мұнда мамандардың көмегін тегін ала алады. Орталықта балалармен жұмыстың келесі бағыттары болады: АВА-терапия, эрготерапия, кинезиотерапия, адаптивті және емдік дене шынықтыру, еңбек терапиясы, арттерапия, музыкалық терапия, қыш жасау, ата-аналармен жұмыс, сенсорлық интеграция, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, логопедпен, психологпен, дефектологпен сабақтар.

Қордың “аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталықтарды жарақтандыру” бағдарламасы бойынша осыған ұқсас орталықтар Алматы, Қостанай, Тараз, Өскемен, Ақтөбе, Талдықорған, Павлодарда да жарақтандырылатын болады. Бағдарламаны іске асырудағы серіктестер-“Samruk-Kazyna Trust” КҚ (жарақтандыру бөлігінде бірлесіп қаржыландыру) және “Қамқорлық қоры” қоры (орталықтар тұжырымдамасын әзірлеуді қаржыландыру, мамандарды оқыту).

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Шымкенттегі пилоттық жоба аясында психикалық денсаулық орталығында аутизммен ауыратын балаларды емдеу орталығы ресми түрде ашылды. Осы уақыт ішінде 62 бала емделіп, оң нәтижеге қол жеткізді. Егер бұрын аутизммен ауыратын балалар ақылы түрде емделсе, қазір Орталық оларға тегін қызмет көрсетеді. Шымкентте осындай 200-ден астам ерекше бала есепте тұр.

Оңалту орталығында диагностика, сенсорлық интеграция сияқты озық шетелдік технологиялар бойынша біліктілігін арттырудан өткен психолог, дефектолог, логопед және әлеуметтік педагогтар жұмыс істейді. Мұнда бір балаға арналған оңалту курсы үш жарым айға созылады және барлық қызметтер ақысыз.

Емдеу мекемесінің мамандары педагогикалық түзету, логопед, дефектолог, психология, Әлеуметтік педагогика, музыкалық терапия, кәсіптік терапия, ойын терапиясы бойынша психоневрологиялық патологиясы бар балаларды емдеу курсын жүргізеді.

Орталық бір күнде екі ауысымда жұмыс істейді. Тек бір ауысымда 20 баланы оңалту лечение жүргізіледі.

Ата-аналар балаларын жергілікті емханадан жолдама алып кете алады. Мекен-жайы: Нұрсат шағынауданы, № 597 үй.

Алдыңғы пост
«Кассир мен күзетшіні қамап қойған». Жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды
Келесі пост
Қазақстан Халықаралық нотариустар одағының мүшесі болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu