Сотта Салтанаттың жеке жазбалары жария етілді

282

Сот процесінде айыптаушы тарап Нүкенованың Бишімбаевқа жазған хаттарын жария етті. Онда Салтанат ұрыс-керістен шаршағанын және туыстарына жол тартып бара жатқанын мәлімдеген.

“Қуандық, мен Павлодарға біржола кетіп бара жатырмын. Осы күндері ешқандай сезім жоқ екенін, ештеңені сақтап қалғым келмейтінін түсіндім. Опасыздық жасағаның үшін кешірім де сұрамадың, ешқандай әрекет жасамадың. Тек мені кінәлап, психотерапевт туралы айтумен болдың. Көзің көрмей қалғаны соншалық, шыдай алмаймын. Мені кешір. Ұмыт және жібер. Өзім үшін нүктесін қойдым. Ата-анамның жанында боламын, олар маған қарайды”,- делінген әлеуметтік желісіндегі жазбада.

Олардың арасындағы жанжал бұрыннан жалғасып келе жатқан көрінеді. Оған 2023 жылы, сәуір айындағы жазбасы дәлел болмақ. Онда Салтанаттың әбден мезі болғаны және қарым-қатынасты талқылаудан шаршағанын айтылған.

“Мен сенің ойыншығың, балаң емеспін, бір нәрсені қайталаудың қажеті жоқ. 24/7 нені қалай істеуім керек екенін естігім келмейді. Әрбір жанжалдан кейін тәулік бойы өзіме келумен боламын, содан кейін жұмыстарыммен айналысуым керек, сені күліп қарсы алуым керек. Екеуміздің арамыздағы жанжалды ауыр қабылдайтынымды айттым. Соның кесірінен жүйкем сыр бере бастады”,- делінген жазбасында.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған. Яғни,  99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру), сонымен қатар, Ал, Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы, 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу), 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау) бойынша айып тағылған.

 

Алдыңғы пост
Канело Головкинмен кезекті жекпе-жек өткізбекші ме?
Келесі пост
Шымкентте ер адам көшедегі қызға шабуыл жасаған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu