340
Жағымсыз жағдай қаладағы бейнекамералардың біріне түсіп қалған. Онда өзімен өзі тұрған азаматшаның артқы тұсынан ер адамның тепкені көрінеді. Мұнан соң, өзі баспалдаққа сүйкене отырып жерге құлайды. Қайта тұрып, қызға жұдырық ала жүгіреді. Қыз ер азаматқа әлі келмейтінін түсінген бойда қашып құтылады.
Алайда, автордың айтуынша, арыз алу барысында құқық қорғау қызметкерлері де сөзбен тиіскен боларсың деген пиғыл танытқан. Сонымен қатар, сол маңда болған әйелдер де осындай ойда болған көрінеді.
Бірер күннен соң, азаматшаның соққының салдарынан денесі ауырсынып, ауруханаға барған. Қазіргі таңда, күдікті де танылған 50 жастағы азамат қамауға алынып, сот шешімімен 1 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сурет видеодан алынды