247
Жоғары температурада химиялық реакция арқылы қыздырылған түтін өкпені тікелей зақымдайды дейді
Денсаулық сақтау министрлігі.
Мамандардың сөзіне сенсек, кальянның, кальянға арналған темекі мен кальян қоспаларының айналымына толық тыйым салуды заңнамаға енгізу мәселесі қаралмақ екен.
Айта кету керек, қазір қорқорды қоғамдық орындарда тартуға шектеу қойылған. Десе де, оған бас қатырып жатқан кәсіпкер жоқ. Өйткені, мейрамханалардың тең жартысында қорқордың бар екені анық.
Естеріңізге салсақ, тыйым салынған орындарда қорқор тартуға 55 мың теңгеден бастап, 185 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.