ҚР Денсаулық сақтау министрлігі даурығудың қажеті жоқ деп отыр. Еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында мыналарды ұсынады:
1. Ішу және тамақ пісіру үшін тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдаланыңыз;
2. Су басу орындарында бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеңіз;
3. Су тасқынына малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз, мүмкіндігінше оларды кеміргіштер мен су тасқыны үшін қол жетпейтін жерлерде сақтаңыз;
4. Тамақ ішер алдында, дәретханадан, серуендеуден, тамақ дайындаудан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз;
5. Су тасқынынан кейін барлық бөлмелерді дезинфекциялық ерітінділермен өңдеңіз;
6. Егер жұқпалы аурулардың белгілері болса (дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, нәжістің босауы, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.), бұл туралы дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет.
Сонымен қатар, бұған дейін ауыз судың ластануына байланысты желіде ақпарат тараған болатын. Яғни, су басқан аумақтарда инфекциялық аурулардың өршу қаупі, эпидемиологиялық қызмет тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі туралы аудио және бейне форматта жалған хабарламалар пайда бола бастады. Атап айтқанда, ауыз суда ішек инфекцияларының пайда болу жағдайлары бойынша жалған ақпарат таратылуда, бұл шындыққа жанаспайды деп хабарлайды ҚР ДСМ. Су тасқыны жағдайына байланысты
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭС) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылған.