Төтенше жағдай жарияланған өңірлерде 100 нәресте дүниеге келді

83

Су тасқыны басталғаннан бері өңірлерде 84 жүкті әйел эвакуацияланды. Оның ішінде босану мерзімі жақын 31 әйел ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі таңда 10 нан астам өңірде төтенше жағдай жарияланып, 72 мыңнан астам адам  эвакуцияланған. Оның ішінде аяғы ауыр әйелдер бар. Абырой болғанда 100 ден аса сәби дүниеге аман есен келді.  Оның ішінде Қостанай облысында – 8 сәби, Ақтөбе облысында – 14 сәби, Батыс Қазақстан облысында-22 нәресте, Абай облысында 4 сәби дүниеге келді. Ал, Қарағанды облысында – 2 сәби, Атырау облысында – 18 сәби, Ақмола облысында – 32 сәби дүниеге келді.

Апатты аймақтарда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға барлығы үш мыңға жуық дәрігер мен 300-ге жуық жедел жәрдем бригадасы медициналық көмек көрсетуде.

Айта кетейік, су тасқыны басталғалы бері 72 029 адам, оның ішінде 16 078 балалар қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша орналасу пунктеріне 14 368 адам, оның ішінде 7 255 бала құтқарылды.

Алдыңғы пост
3 мыңға жуық медицина қызметкері су тасқыны орын алған аймақтарда қызмет атқаруда
Келесі пост
Су басқан аумақтарда инфекциялық аурулардың өршу қаупі бар ма?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu