Су тасқыны барысында 85 мыңға жуық адам эвакуацияланды

292

Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді. Елдегі апатты жағдай барысында бүгінге дейін 85 мың адам эвакуацияланған. Оның ішінде 30 мыңға жуық баланы құтқарылды.

ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 8 миллионнан астам текше метр еріген қар суы сорылды, бір мыңнан астам қапшық және бір мың тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 16 мыңнан астам адам және 2500-ге жуық бірлік техника жұмылдырылды, – деді аға офицер.

Айта кетейік, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті ауқымдағы 29 төтенше жағдай әрекет етеді. Сонымен қатар, «Жедел желі» телефондарына мыңнан астам қоңырау келіп түскен. Соның ішінде шұғыл психологиялық көмек 76 адамға көрсетілген.

Алдыңғы пост
Ресейдің Қорған облысында тасқыннан 19 мың адамға қауіп төніп тұр
Келесі пост
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu