Газ өңдеу зауытында өрт шығып, 4 жұмысшы күйіп қалды

203

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында орналасқан Жаңажол кен орнында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында өрт шықты. Төтеншеліктерге қондырғы өртенгені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға кеше, 1 мамырда сағат 15:55-те (Ақтөбе облысының уақытымен) болған.

Оқиға орнынан дереу шыққан төтеншеліктер дереу аэровизуалды барлау жүргізіп,  жедел штаб құрылды.

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД және «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС 50-ден астам өрт сөндіруші мен 9 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 20:35-те оқшауланды.

Өрттің ауданы мен  себептері анықталуда.

Облыстық ТЖД мәліметінше, күйік алған 4 жұмысшы Темір ауданының орталық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты.

Алдыңғы пост
Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары Қазақстан халқының бірлігі күнін қалай атап өтті
Келесі пост
68 жастағы зейнеткер балконда қамалып қалған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu