Бишімбаевтың ісі бойынша екінші айыпталушы Байжанов куәлік етуде. Ол, куәлік етпес бұрын, бірден жәбірленушілерден кешірім сұрады. Өкінетінін жеткізді.
“Бишімбаев маған «мейрамхана неге ашық?!” деп айқайлады. Ол мейрамхананың жабылуын талап етіп, мейрамхананың не үшін жабылу керектігін айтпады. Мен де сұрамадым. Бишімбаевпен ешқашан дауласқан емеспін, оның нұсқауларына қарсы шыққан емеспін. Салтанатты соңғы рет көргенімде орнынан тұрып, қолымды қатты қысты. Ол тірі еді, оның қашан өлгенін білмеймін. Бишімбаевтың жазбаны алып тастауға бұйрық бергенін мойындаймын. Видеоны өшіруді тапсырдым, бірақ өлім туралы білмедім”, – деді Байжанов.
Сонымен қатар, Байжанов, гастроорталыққа азанда келгенін және Салтанаттың көзі ісініп тұрғанын баяндап берді. Бөлменің ішін астаң-кестеңін шығарғанын жеткізді. Сондай-ақ ол, егер кінәсі дәлелденсе, кез-келген жазаны қабылдауға дайын екенін айтты.