Ақмола облысы, Атбасар қаласында су басты

48

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, тұрғындарды эвакуациялау, нысандар мен тұрғын үйлерді қорғау шаралары жүргізілуде.

Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінен 400-ден астам адам мен 100 техника жұмылдырылды. Қала әкімі Аманбек Калжанов өңірде Төтенше жағдай жариялап, халыққа үндеу жолдады.

«Жабай өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты таңғы 4:43 шамасында 6 жер учаскесіне су жайылды. Салдарынан қаланы су басты. Су деңгейі қауіпті 5.95 метрге дейін көтерілді. Әлі де көтеріліп жатыр. Осыған байланысты су басатын аймақ тұрғындарына қауіпсіз орындарға көшу ұсынылады», – деді әкім.

Сонымен бірге су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек беріліп, үйлері қалпына келтірілетінін жеткізді.

Елімізде су тасқынының салдарынан, жалпы 97 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Оның 32 мыңнан астамы – бала. Бүгінде уақытша орналастыру пунктерінде 7 173 адам бар. Айта кету керек, күн жылыған сайын, су басу қаупі күшейіп жатыр. Өйткені толассыз жауған қар еріп, өзен-көлдер арнасынан тасуда.

 

 

Алдыңғы пост
Премьер-министрлер қарызға ақша сұрап жүр
Келесі пост
“Салтанаттың өлгенін білмедім”,-Байжанов

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu