224
Бұл туралы ТЖМ хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, су тасқыны басталғалы бері 99 869 адам, оның ішінде 36 591 баланы қауіпсіз жерлерге жеткізді. Уақытша орналасу пунктеріне 6 586 адам, оның ішінде 3 197 бала орналасты.
Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарына 34 272 адам, 3 790 техника, 17 әуе кемесі жұмылдырылды. Дәл қазір Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 563 жеке тұрғын үй, 563 аула аумағы және 1 778 саяжай үйлері су астында қалып жатыр. 3 052 тұрғын үй мен 1 935 аула аумағынан су бұрылды, – деді ол.
Сонымен қатар, 9 миллион текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 1,6 миллион қапшық және 1,2 миллион тонна инертті материал төселді.