9 миллион текше метр еріген қар суы сорылды

195

Бұл туралы ТЖМ хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, су тасқыны басталғалы бері 99 869 адам, оның ішінде 36 591 баланы қауіпсіз жерлерге жеткізді. Уақытша орналасу пунктеріне 6 586 адам, оның ішінде 3 197 бала орналасты.

Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарына 34 272 адам, 3 790 техника, 17 әуе кемесі жұмылдырылды. Дәл қазір Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 563 жеке тұрғын үй, 563 аула аумағы және 1 778 саяжай үйлері су астында қалып жатыр. 3 052 тұрғын үй мен 1 935 аула аумағынан су бұрылды, – деді ол.

Сонымен қатар, 9 миллион текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 1,6 миллион қапшық және 1,2 миллион тонна инертті материал төселді.

Алдыңғы пост
ҰҚК құны 5 миллиардқа тең есірткі тәркіледі
Келесі пост
Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынына қауіп төніп тұр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu