286
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов хабарлады. Ол, “Ақсай” бассейніндегі селді ұстайтын бөгетті тексеру кезінде мердігердің жоғарыда аталған объектіні салу бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты белгілі бір бұзушылықтарды анықтады.
Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұр. Осыған байланысты “Қазселденқорғау” басшылығының алдында тиісті материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне беру туралы мәселе көтерілді, – делінген ТЖМ ақпаратында.
Қазіргі таңда, ҚР ҚМА тарапынан қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізілуде. Залал сомасы алдын ала есеп бойынша 775 млн теңгеден асады.