Сотты болған азаматтар эвакуацияланды

233

Орал түрмесіндегі сотталушылар басқа өңірлерге көшірілді. Су басу қаупі туындауына байланысты, жазасын өтеушілер колоннамен эвакуацияланған.

БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты осындай шешім қабылданған.

«№ 27 түзету мекемесінде жазасын өтеушілер Қазақстанның басқа өңірлеріне эвакуацияланды. Атап айтқанда, Ақтөбе, Тараз, Шымкент және Қызылордаға көшірілді», – деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, су тасқыны салдарынан 82 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Апатты жағдай орын алғалы  111 194 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 39 222 бала құтқарылды. Тартылған әуе кемелерімен 3 575  адам, оның ішінде 1 157  бала. Ал, 11 950 адам үйлеріне оралды.  Уақытша орналасу пунктеріне 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала орналастырылды.

 

 

Алдыңғы пост
Қорғаныс министрлігінің подполковнигі жасөспірімге азғындық жасаған ба?
Келесі пост
5 мыңнан аса үй су астында қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu