Сот отырысы барысында, Бишімбаев, інісің “өзі үшін” заңсыз әрекеттерін айтамын деп сот залынан шеттетіле жаздады.
“Байжанов осы жобадағы шығындарды бақылаумен айналысты, оған егер жақсы жұмыс істесең, өз бағасына пәтер беремін деген едім. 5 ай бойы ол мені бопсалап, вип-залға қайта-қайта кіргенін айтпауымды өтінді. Неліктен аммиак туралы бөлікті сіз одан нақтыладыңыз да, менен сұрамадыңыз? Ол аммиакпен вип-залға кірді, оны алып кеткен де – сол, ол жерде 5 минут болды. Осы 5 айда мен одан қаржылық құжаттарды қайтаруды талап еттім. Ол “егер сіз менің вип-залда болғаным туралы мәліметті алып тастасаңыз, қайтарамын” деді. Байжанов өзін ауылдың баласы ретінде көрсетіп жүр ғой. Шын мәнінде осы уақыт бойы менен пәтер талап етіп келеді. Оған қоса бұрынғы әйеліммен бірігіп көлігімді ұрлап кетті”, – деді Бишімбаев.
Алайда, судья бұл ақпараттың сотқа қатысы жоқтығын алға тартып, экс-министрге ескерту берді.
Ал, ашуға булыққан Байжанов, Бишімбаевты кісі өлтіруші деп айыптады. Сол мезетте, басқа адам еді. Қазір мүлдем өзгерген Бишімбаевты көріп отырмын деді.
“Мен адам өлтірдім. Енді баламның, ата-анамның бетіне қалай қараймын деп жылаған болатын. Сондай- ақ, өкінетінін жеткізген еді”,- деді Байжанов.