Іздеуде болған 2,5 қылмыскер ұсталды

62

ІІМ ТМД-елдерінің арасында алты ай сайын іздестіру операциясын жүргізеді.

Жүйелі жұмыстың нәтижесінде,криминалдық полиция қызметінің жедел уәкілдері іздеуде жүрген 2,5 мың қылмыскерді құрықтады.

Осы жылдың шілдесінде Шымкентте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің қызметкерлер 2018 жылы Дубайда кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген ер адамды ұстады. Сондай-ақ Таразда 2022 жылдың қарашасынан бастап Қарағанды облысының полиция департаментінің қатысуымен кісі өлтіруге оқталғаны үшін іздеуде жүрген екі азамат ұсталды, – деді ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

ІІМ берген мәліметіне сәйкес, ұсталған қылмыскерлердің көшін есірткі қылмысына қатысы бар азаматтар бастап тұр:

87 есірткі қылмыскері,

34 кісі өлтіруші;

17 қарақшы;

84 тонаушы;

10 бопсалаушы;

11 зорлықшы бар.

Алдыңғы пост
Кеншілер 55 жастан бастап арнайы төлем алатын болды
Келесі пост
Ресей Украинаға дронмен шабуыл жасады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu