233
Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккендер жаңа баспанаға қол жеткізбек. Ол үшін тиісті келісімшарт жасалып, қаражатта бөлінді.
“Бүгінгі таңда 24 пәтер сатып алуға шарттар жасалды, 16 сәуірде жалпы сомасы 317 миллион 183 мың теңгеге қаражат аударылды. Алғашқы тұрғындардың пәтерлері 17 сәуірде беріле бастады. Қалаға көшкісі келетін ауыл тұрғындарынан өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр”, – деді Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, қалаға көшуге және пәтер сатып алуға ниет білдірген Екідін және Қызылжұлдыз ауылдарының тұрғындарынан 24 өтініш түскен.
Сонымен қатар, Павлодар облысында демеушілермен бірге 119 үй бойынша залал өтеліп, тұруға жарамсыз 5 үйдің құрылысы басталды.