Апатты жағдайдан зардап шеккендер баспаналы болды

73

Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккендер жаңа баспанаға қол жеткізбек. Ол үшін тиісті келісімшарт жасалып, қаражатта бөлінді.

“Бүгінгі таңда 24 пәтер сатып алуға шарттар жасалды, 16 сәуірде жалпы сомасы 317 миллион 183 мың теңгеге қаражат аударылды. Алғашқы тұрғындардың пәтерлері 17 сәуірде беріле бастады. Қалаға көшкісі келетін ауыл тұрғындарынан өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр”, – деді Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қалаға көшуге және пәтер сатып алуға ниет білдірген Екідін және Қызылжұлдыз ауылдарының тұрғындарынан 24 өтініш түскен.

Сонымен қатар, Павлодар облысында демеушілермен бірге 119 үй бойынша залал өтеліп, тұруға жарамсыз 5 үйдің құрылысы басталды.

Алдыңғы пост
Су тасқынының екінші толқыны басталды
Келесі пост
Есіл алабында су тасқыны қаупі басым

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu