Экс-министр, сотта Салтанаттың саусақ іздерінің қалай жоғалып кеткенін түсіндіре алмады. Яғни, ол жәбірленушінің ішімдік ішкен шарап бокалынан саусақ-іздерінің болмауына қатысты ештеңе жарытып айта алмады.
Нүкенованың қорғаушысы күдіктіге сұрақ қойды.
“Салтанатпен бірге ішкен екенсіздер. Бірақ, оның саусақ іздері, ешқандай ыдыстан табылмады. Бөтелкеде жоқ. Тек қана сіздің саусақ іздеріңіз тұр”,- деді.
Ал, Бишімбаев болса, бөтелкеден өзі шарап құйғанын алға тартты. Сондай-ақ, оның ішкенін ғана көрдім деп жауап берді. Бірақ, саусақ іздеріне қатысты ештеңе айта алмаймын деді айыпталушы.
Айта кетейік, Салтанатты өлтірді деген күдікпен бұрынғы экс-министр Бишімбаев былтыр қараша айында ұсталған болатын. Қазіргі таңда, оған қатысты сот процесі жалғасуда.