Толассыз жауған жауыннан 20 адам көз жұмды

357

БАӘ мен Оманда толассыз жауған жауыннан 20 адам қайтыс болды. Парсы шығанағы елдеріне дауылды нөсер жаңбыр құйды. Салдарынан көшелерді су басып, көлік қатынасы тоқтап қалды деп хабарлайды sarbazkz. Тіпті, Дубай халықаралық әуежайының жұмысыда тоқтады.

«Біріккен Араб Әмірліктерінде бұрын-соңды болмаған ауа райына байланысты Дубайдың халықаралық әуежайында (DXB) рейстер кешіктіріліп немесе тоқтатылып отыр. Dubai Airports өз авиакомпаниясынан рейстің ұшып кететіні туралы растау алмаса, жолаушыларға 1-терминалға бармауды ұсынады», – делінген әуежайдың басқарушы компаниясының хабарламасында.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі соңғы 10 жыл бойы жүргізіп келе жатқан жасанды жаңбыр шақыру амалының салдарынан осындай апатқа тап болдық деген болжамдарын айтуда.

Алайда сарапшылардың пікірінше, жасанды жаңбыр шақыру тәсілінің әсері шамалы ғана болған, ал өңірде қатты жауын болатыны алдын ала болжанған.

Алдыңғы пост
Антикор су тасқынын жою бойынша бюджет қаражатын бөлуде мониторинг жүргізу мәселелерін талқылады
Келесі пост
Бишімбаев пен Нүкенованың үйі қанға боялған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu