Студент сіңлісіне көмектеспек болған шымкенттік қомақты ақшасынан айырылды

224

Шымкентте жоғары оқу орындарының бірінде оқитын сіңлісін басқа факультетке ауыстырмақ болған әйел азаматы алаяқтың құрбаны болды. Осылай деп полицияға арызданған ол 550 мың теңгесінен айырылғанын алға тартқан. Бұл қаржыға танысы студент қыздың мамандығын ауыстырып беруге уәде еткен. Алайда ақшаны алған соң хабарсыз кеткен.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдіктінің жеке басы анықталып, тәулік ішінде қала аумағында қолға түсті. Жасы – 41-де, жұмыссыз.

Тергеу кезінде белгілі болғандай, ұсталған азаматша заңсыз әрекетке қаржы тапшылығынан барған. Және өз кінәсін толықтай мойындаған.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің осыған ұқсас басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталуда. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Алдыңғы пост
Шығыс Қазақстанда әкесі ұлын атып өлтіріп, кейін өзіне қол салған
Келесі пост
Павлодарда лифтке мінген ер кісі түсініксіз әрекет жасап, шу шығарды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu