337
Еліміздің азаматтары су тасқынынан қорғану мақсатында құмға толған қаптармен бөгеттерді қымтап жатыр. Ал, кейбір тұрғындар сол қаптарды ұрлап әлек.
Облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі штабының хабарлауынша 18 сәуірде бір топ адам Жайық жағасында су тасқынына дайындалған бөгеттердегі құм салынған қаптарды ұрлап кеткен.
Тез арада іздеу шараларын жүргізген полицейлер, бес адамды анықтады. Олар, 42, 32, 37, 38 жастағы ер адамдар мен 34 жастағы әйел. Ұсталғандардың сөзіне сәйкес, қаптармен үйді қоршамақ болған. Десе де, ұрлық бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.