Зардап шеккендерді күлкі еткендер кім?

85

Еліміздің кейбір азаматтары, су тасқынынан зардап шеккендерге жыртық футболка, шұрық тесік шалбар, киюге жарамсыз киімдерді жолдаған.

Әлеуметтік желіде видео жариялаған ерікті су тасқынынан зардап шеккендерге жіберілген киімдердің жағдайымен бөлісті. Оның сөзінше, бұл киімдерді тұрғындар көмектерді қабылдайтын пункттерге алып келген. Алайда арасында сапасыз киімдер бар екен.

«Мұндай киімдерді біз қабылдай алмаймыз. Достар, таза, жуылған киімдерді алып келіңіздерші», – дейді видео авторы.

 

Айта кетейік, қазіргі таңда еліміздегі апатты жағдайға байланысты 100 мыңдаған адамдар эвакуацияланды. Олардың тең жартысы балалар. Ал, тіпті үйлері жарамсыз азаматтар немесе барар жері жоқ отбасылар қабылдау пункттеріне орналастырылған. Оларға жан-жақтан киім-кешек, гигиеналық заттар, ашымайтын азық-түлік, көрпе-төсектер жіберілуде. Алайда, кейбір жандар, үйдегі жарамсыз заттарын да жіберген көрінеді.

Алдыңғы пост
Имамды соққыға жыққан азамат, 15 тәулікке қамалды
Келесі пост
Бөгетке арналған қаптарды ұрлаған күдіктілер ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu