244
Семейде 62 жастағы зейнеткер жезөкшелер үйін ұйымдастырғаны үшін 2,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Ол, қаладағы сауналардың бірінде қабылдау бөлмесінің артында арам ойын жүзеге асырған. Яғни, жеңіл жолмен қаражат тапқан.
«Ол алдын ала жазылу бойынша келген клиенттерге «түнгі көбелектер» қызметін ұсынған. Әрбір тапсырыстан кәсіпкер зейнеткер орта есеппен 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін алып отырған», – деп хабарлайды Polisiaкz.
Оқиға орнында тінту жүргізген полицейлер, ақша мен басқа да айғақты заттарды тапты. Сонымен қатар, құқық қорғау қызметкерлері жеңгетай мен 9 әйелді бөлімшеге жеткізді.
Айта кетейік, жеңіл жүрісті қыздардың үшеуі – Қазақстандық болса, қалған алтауы – Өзбекстан елінің азаматшалары.