Жұмысқа орналастырамын деп пара алғандар сотталды

139

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде № 2 Тараз қалалық сотының үкімімен «Жамбыл облысы бойынша ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы басшысының м.у.а. А.О. Махашева және осы филиалдың кадрлар жөніндегі инспекторы Л.Т. Қалмұратова сотталды деп хабарлады Антикор.

Олар фельдшер ретінде жұмысқа орналастыру үшін жеке тұлғадан айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Күдіктілерге мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет атқару құқығынан айыра отырып, тиісінше 4 және 3,6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды.

Қылмыстық Кодекстің 74-бабының 1-бөлігі негізінде жазаны өтеу мерзімі кәмелетке толмаған балалардың болуына байланысты 4 жылға кейінге қалдырылды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
Бөтеннің мүлкін иемденіп, шетел асқан азамат экстрадицияланды 
Келесі пост
Президент Паралимпиада жүлдегерлерін және бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu