318
Бишімбаевтың телефонын ҰҚҚ техникалық мамандары аша алмаған. Бұл туралы, судья Айжан Құлбаева мәлімдеді.
“Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 375-бабына сәйкес заттай дәлелдерді қарау сот тергеуінің кез келген сәтінде жүргізіледі. Сотқа дейінгі тергеу барысында осы телефонға қатысты ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-қызметінің 12-департаменті зерттеу жүргізді. IPhone 13 Promax ұялы телефонына алты таңбалы код-құпиясөз қойылған. Код-құпиясөзді қолда бар техникалық құралдармен ашу мүмкін болмады”, – деді судья.
Десе де, прокурор қарсылық танытып, Нүкенова мен Байжановтың телефоны секілді іс құжаттарға тіркелу керек деп отыр. Яғни, заттай дәлел ретінде алыну қажеттігін айтып өтті.