Елімізде мәйітті кремациялаудың ережесі бекітілді

245

Ұлттық экономика министрлігі крематорилердің қызметін реттеп, жұмысын қамтамасыз етуді көздейтін бұйрық жобасын жариялады.

Жаңа өзгеріске сәйкес адамның күлі арнайы құтыға салынып, колумбарийде сақталады. Ал колумбарийлер үшін арнайы жер учаскесі бөлінеді. Бұған дейінгі зираттар сол күйі қала береді деп хабарлады stankz.

Бұйрық жобасы бойынша, колумбариялар арналған жер учаскелері дәстүрлі зират аумақтарынан тыс жерде орналасу керек. Күлі бар урнада қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және кремацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі

Марқұмның күлін сақтаудың екі түрі қарастырылған:

Ашық аспан астында, яғни ұяшығы бар арнайы қабырғалар тұрғызылып, құтыларды орнастырады;

Күл салынған құты жабық ғимарат ішінде сақталады.

Колумбарий – кремацияланған мәйіттің күлі бар урналар сақталатын қойма.

Айта кетейік, құжатта өртелген мәйіт күлін жерлейтін шұңқырдың көлеміне қойылатын талаптар да көрсетілген.

«Колумбарий тауашасының мөлшері күл салынған урнаның пішініне, көлеміне және сыйымдылығына байланысты 400*400*300 миллиметрді құрайды», – делінген құжатта.

Алдыңғы пост
Су қойманың жарылғанын жариялаған ер азамат жауапкершілікке тартылды
Келесі пост
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бишімбаевтың телефонын аша алмады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu