Қарағандыда 1 тоқсанға әскери кеңес өткізілді

247

18 сәуір күні Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерімен Әскери кеңес өткізілді. Шараны Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков ашты.

Жиналыс барысында Орталық өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасарлары жауынгерлік дайындық, жауынгерлік әзірлік, әскери қызметшілер арасындағы құқықтық пен заңдылықты сақтау, жеке құрамның тылдық қамтамасыз етілуі, үш ай көлемінде жаңа құрылған ғимараттар пен жоспарлар жайлы сөз қозғалды.

Өңірдің бес облысындағы жауынгерлік әзірлік жайын қолбасшының бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Ильяс Сағандықов баяндады. Өз сөзінде сардар әскери бөлімдердегі жағдайды баяндап, қызметтің оңтайландыру бойынша біршама ұсыныс жасады.

Келесі кезекте өз баянатын тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Берік Тоқтаров ұсынды. Өңірдің бас тәрбиешісінің айтуынша әр командир бағыныштысы үшін – тәрбиеші, заңдылықты сақтау, еңгізілген заң талабын әрдайым әскерилерге толық жеткізілген кезде ғана тәрбие үрдісі әрдайым биік деңгейде болады. Баянатының соңында Берік Серікұлы әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайына аса назар аударуға кеңес берді.

Тыл қызметінің 3 айда атқарылған жұмысына өңір қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары Қуаныш Қажыбаев тоқталды. Сардар өз баянатында 2023-2024 жылғы жоспарлар мен әскери аймақтардағы жағдайы бойынша сөз қозғап, алдағы уақытта орындалатын тапсырмаларды тиянақтады.

Шара қорытындысында өңір Қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы әскерлердің арасында жауынгерлік әзірліктің, ұжымдық әрекетін өңірлерде орын алған табиғи апаттарда көрінгенін жеткізді. Өз сөзінде Қолбасшы атқарылып жатқан еңбекке жоғары бағасын беріп, әр командир өз бағыныштысының еңбегін бағалауға, әр ісінде заңдылық талаптарын ұстануға кеңес берді. Сөз соңында өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы әскери бөлімдердегі қызметтік-жауынгерлік қолданысына жоғары баға беріп, бөлім басшылықтарына биылғы жыл мен өткен жылдарға салыстырмалы талдау жасауы бойынша тапсырма берді.

Алдыңғы пост
Су тасқыны кезінде не істеу керек?
Келесі пост
Сотқа уақытында келмеген Бишімбаевқа қатысты тексеру жүргізілуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu