Астана сотында Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іс бойынша тараптардың жарыссөзі өтуде. Алғаш болып мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова сөйлеп жатыр.
“Бишімбаев пен Байжанов айғақтарды жасырып, Салтанаттың мәйітінен құтылмақ болған. Олар сол үшін Салтанат алдымен фитнеске, содан кейін үйге барғандай көрсеткен. Ал ол уақытта Салтанат қайтыс болып кеткен. Салтанаттың телефонындағы қозғалысқа қарасақ, оның сол уақытта тірі екенін және Бишімбаевтың оған қатысы жоқ екенін көрсетеді. Неге Бишімбаев сағат 3-тен кейін нашатырь әкелуді сұраған? Сараптамаға сәйкес, Нүкенова ол уақытта қайтыс болған. Ал қайтыс болған адамды нашатырь оята алмайды. Оны басқа мақсатта пайдаланған. VIP-залда Нүкенованың саусақ іздері жоқ. Неге? Бишімбаевтың өзі бірге отырып ішімдік ішкендерін айтты. Нашатырь көмегімен Салтанаттың іздері мен денесіндегі қанды сүртіп тастаған, – дейді мемлекеттік айыптаушы.
Оның айтуынша, оқиға орнынан нашатыр спирті табылмаған. Сонымен қатар, еске алар болсақ Бишімбаев Байжановтан көліктен пакет ала келуін сұраған. Ал, Байжанов жедел жәрдемге кешкі сағат 19:54-те телефон соққан. Демек, Салтанат қайтыс болғаннан кейін 5-6 сағат өткеннен кейін хабарласқан. Яғни, қылмыс іздерін жасыруға тырысқан.