Нүкенованы Бишімбаев қылқындырған ба?

72

Сот-медициналық сараптама қызметкері Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенова қандай жарақаттар алғанын манекенде көрсетіп, сызып берді. Яғни, көкпен сызылған жер көгерген болса, қызыл жара екен.

Оның сөзіне сүйенсек, бәрі бас жарақаты болып табылады. Сондай-ақ барлық зақымдану сыртқы әсердің кесірінен болған.

“Адам өзінен-өзі мұндай бас жарақатын алмайды. Себебі, кездейсоқ құласа, ол басын қорғай алады. Шатқалға құлаған кезде ғана басын қорғай алмауы мүмкін. Бірақ, жазықтықта, басына мұндай зақым келтіре алмайды”,-деді сарапшы.

Сонымен қатар, қайтыс болған кезде, тұншығу белгілері болған. Яғни, жедел тыныс жетіспеушілігі. Оны қорылдау деп қабылдауға болады. Бірақ, бұл кәдімгі адамның ұйықтап жатқан кездегі қорылы емес деді Тахир Халимназаров.

Сонымен қатар, сарапшы Нүкенованы қолымен қылғындырған болуы мүмкін деген ойын жасырмады. Мұны оның денесіндегі жарақаттар көрсетеді деді.

“Мәйітті сипаттама бойынша қайта зерттеу кезінде мойын тұсында қалқанша безінің артындағы бұлшықетте қан ұйығаны анықталды. Бұл мойны қылғынғанын көрсетеді. Мұның бәрі механикалық асфиксияны көрсетеді, яғни жарақат алған кездегі гипоксия дерегі расталды”, – деді Халимназаров.

Судья мұны нақтылау үін қайта сұрақ қойды.  “Марқұмды қылқындырды деген қорытынды жасауға бола ма және бұл соққыларға дейін немесе одан кейін болды ма?” – деді.

“Ашығын айтқанда, мұны қылқындыру белгілері көрсетеді”, – деді сарапшы.

Алдыңғы пост
Апаттан қираған тұрғын үйлер тез арада қалпына келтірілмек
Келесі пост
Айбек Смадияров: “Сырттан гуманитарлық көмекті қажет етпейміз”

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu