Қырғызстандағы Созақ ауданында оқушыларды балмұздақ таситын жүк көлігі қағып кетті. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, ауруханаларға 9-16 жас аралығындағы 29 бала жеткізілген деп хабарлайды kaktusmedіа.
Фото: Видеодан алынды
“Жалал-Абад облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жеті бала жатыр, олардың үшеуі ауыр жағдайда. Созақ аудандық ауруханасына үш бала жатқызылды. Октябрь ауылындағы жалпы дәрігерлік практика орталығында сегіз жәбірленуші бар”, – деп жазылған басылым мәліметінде.
Ал, қалған балалар амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді.
Полицияның хабарлауынша, жүргізуші көлікте болмаған. Ол жүк көлігін тоқтатуға тырысқанымен, тежегіш істен шығып, таудың баурайымен төмен қарай жүріп кеткен. Қазір аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.