287
Бишімбаев әлі де өз кінәсін мойындамауға тырысып бағуда. Ол, сол күнгі сынаққа төзе алмадым деп отыр.
“Біз күн сайын Құдайдың сынағына түсеміз. Ең жоғары адамгершілік құндылықтар сынға түседі. Сол күні, яғни қарашаның 8-нен 9-ына қараған түні бұл сынақтан өте алмадым. Осы әрекетке барғаным үшін өкінемін”, — деді Бишімбаев.
Ал, Байжанов болса, өз кінәсін мойындаудан бас тартпайтынын және ауыр қылмыс болатын білмедім дейді. Егер, кісі өлімі орын алатынын білсем, мұның бәрін істемес едім деп отыр. Салтанаттың жақындары мен туыстарының жүрегінің жарасын емдей алатын болса, мен жазады алуға дайынмын. Отбасынан көңіл айтып кешірім сұраймын деді Байжанов.
Айта кетейік, келесі сот отырысы 10 мамыр күні болады.