248
Жекпе-жек 5 мамырда Лас-Вегас қаласында өтті. Мексикалық қос боксшы екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы атағы мен WBC, WBA, IBF, WBO және The Ring белбеулерін сарапқа салды.
Айқастың алғашқы раундтарында Хайме Мунгия басымдық танытқанымен, 4-раундта “Канелоның” дәл тиген апперкотынан кейін нокдаунға түсті. Нәтижесінде “Канело” төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Бұл тартысты жекпе-жек көпті қызықтырғаны анық. Қала берді, кейбір спорт сүйер қауым, Жәнібек пен Канелоның бокс кешін көруді қалап жүр. Десе де, бұған дейін Әлімханұлы өз ойын әлеуметтік желіде білдірген. Бұл жолы да, жеке парақшасында жеке ойымен бөліскен.
“Жаман емес”, – деп жазыпты Жәнібек әлеуметтік желіде.