Шымкенттік дәрігерлер израильде біліктілігін арттыруда

68

Тәжірибе алмасу мақсатындағы бұл жұмыстар мегаполис медицинасының сапасын жаңа деңгейге көтеруге зор мүмкіндік береді. Жергілікті дәрігерлер  жедел медициналық көмек, ана мен бала саулығын жақсарту, емдеу шаралары бойынша шеберлігін шыңдауда. Оқыту жұмыстары екі аптаға жалғасады.

Айта кетейік, Шымкенттік дәрігерлер қазан айына дейін үш топ  бойынша Израильде тәжірибе жинақтауға жіберіледі. Қазір бірінші топтағы мамандар медициналық ұйымдарда кәсіби біліктілігін шыңдауда.

Израиль мемлекетінде білімін жетілдіретін топтың құрамында реаниматолог, пульмонолог, акушер-гинеколог, кардиолог, педиатр дәрігерлерінен жинақталған 44 медицина қызметкері бар.

Қазіргі таңда, Шымкентте  медицина саласына көңіл бөлініп келеді. Мәселен, қалада  бірнеше емхана салынып жатыр. Сонымен қатар, кейбір медициналық мекемелер арнайы жаңартылыип, халық игілігіне табысталуда.  Ынтымақ-2 шағынауданында 350 келушіге арналған емхана салынуда. Жоба бойынша мұнда 7 блок, орталық және отбасылық денсаулық копрустары қарастырылған. Сондай-ақ екі стационарлық бөлімшемен қоса консультациялық-диагностикалық бөлімше бар. Заманауи талапқа сай бой көтеретін емханада компьютерлік томография, цифрлы маммограф, УДЗ апапраты орнатылады. Онымен қоса жаңа емдеу орталығы  ЛОР комабайн, электрокардиограф, электроэнцефалограф сияқты озық технологияларға негізделген қондырғылармен жабдықталады.

Жоба бойынша нысанның  5500 шаршы метр алаңы абаттандырылып, 100 шаршы метрлік 100 автокөлікке арналған автотұрақ салынады. Емхана жоспарға сәйкес жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Тұран ауданы Құрсай шағынауданында тәулігіне 450 адамды қабылдайтын жаңа емхана құрылысы жүріп жатыр. Жеке инвестордың қаражатымен тұрғызылатын емхана келесі жылы қолданысқа беріледі.

Айта кетейік, қалада медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, қызмет сапасын арттыру үшін инвестициялық жобалар тартылуда. Яғни, денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкес 1 емхананың қызмет көрсету шкаласы 30 мың тұрғыннан аспауы тиіс. Қаладағы 45 емхананың қамту көрсеткіші орта есеппен 26 мың тұрғынды құрайды. Алдағы уақытта пациенттерге көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мақсатында бұл статистиканы 24 мыңға тұрғынға дейін түсіру межеленген.  Сондықтан 2025 жылға дейін мегаполис тұрғындарына 6 емхана салу қажет етіледі. Осы орайда емхана санын көбейту көзделіп, инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Жалпықалалық сенбілікке 5 мыңнан аса тұрғын қатысып, сүйікті қаламызға тазалық сыйлады
Келесі пост
Шымкенттік жігіт теннис орталығында комиссия мүшелерінің телефондарын оп-оңай жымқырып кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu