281
Франция астанасы Парижде әртістік жүзуден әлем кубогінің екінші кезеңі аяқталды. Бұл сында Қазақстан командасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympickz. Аралас жұптық сында Наргиза Болатова мен Эдуард Ким топ жарды. Олар техникалық бағдарлама бойынша үздік шықты.
Ерлер арасындағы соло жаттығуында Виктор Друзин күміс медаль алды. Ал Қазақстан әйелдер құрамасы еркін бағдарламада қола медаль иеленді.
Енді спортшылар 31 мамырда басталатын әлем кубогінің үшінші кезеңіне дайындалады.