Астана-Шымкент бағытындағы пойызда белгісіз еркек әйелдің вагонына кіріп маструбация жасаған. Жағымсыз жағдай, 4 мамыр күні орын алған. Видео әлеуметтік желіде кең тарап, қызу талқыға түсті. Жолаушының видеодағы сөзіне сенсек, ақшада бермек болған. Әйел өзі түсірген бейнені әлеуметтік желіге салатынын ескерткен. Алайда, ер адам, өзінің арам пиғылын тікелей қарап тұрып, қарсылықсыз жүзеге асырған секілді.
“Шымкент-Астана” бағытындағы пойызға арнайы қызметкерлер шақыртылған. Жолаушы белгісіз адамның қорлық көрсетіп, тиіскенін айтып, шағымданған.
“Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты Қарағанды – Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданатын болады,”- деді полиция департаменті.