Бейресми мәліметтерге сәйкес, әскери қызметкерлер сарбазды тоқтатпақ болғанда, ол оқ жаудырған. Осыдан кейін әскери бөлім қызметкерлері мен полицейлер «Арлан» арнайы жасақтары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетін көмекке шақыруына тура келген көрінеді.
Атырау гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысынан шақырылған сарбаз өзімен бірге АК-74 автоматы мен 120 дана оқ-дәрі алып кеткен. Сондай-ақ, оның 7 мамырдан 8-іне қараған түні 41433 әскери бөлімнен қашып кеткені анықталды.
Қазіргі уақытта сарбаз қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.
“2024 жылғы 8 мамырда Атырау гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің бекітілген қаруымен қысқа мерзімге өз бетінше шығып кету фактісі тіркелді,” – деп жазылған мәлімдемеде.